Мемлекеттік қызметші жаңажылдық мерекеде өзін қалай ұстауы тиіс

Мемқызметші
Фото: ҚР Президенті Іс басқармасы

ҚР Президенті Іс басқармасының әдеп жөніндегі уәкілі Гүлнар Чикинаева жаңажылдық мерекеде мемлекеттік қызметші өзін қалай ұстауы қажеттігін айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Біз күнделікті жұмысымызға, сыртқы келбетімізге, жүріс-тұрысымызға баса мән беріп, әдеп нормаларын сақтауға айрықша назар аударамыз әрі осы бағытта жұмыс жүргіземіз. Мерекелер, іс-шаралар өткізуге қатысты айтар болсақ, онда, әрине мемлекеттік қызметшілер де қарапайым адамдар. Мемлекеттік қызметшілердің Жаңа жылды достарының ортасында немесе туған-туыстарымен қарсы алуына ешкім де тыйым сала алмайды. Бірақ, олардың қарапайым азаматтардан бір ерекшелігі — мемлекеттік қызметшілер. Сондықтан олар Әдеп кодексін қатаң сақтауы тиіс», — деді әдеп жөніндегі уәкіл.

Сонымен қатар ол Жаңа жылға арналған мерекелік көңілді кештерде мемлекеттік қызметші өзгелерден қандай да бір жолмен ерекшеленбеуі тиістігіне баса назар аудартты.

«Мемлекеттік қызметке жұмысқа тұрғанда бірден жауапкершілік аламыз. Бізде белгілі бір шектеулер бар. Мемлекеттік қызметші қандай да бір іс-шарада, тіпті қоғамдық орында да өзін дөрекі ұстамауы, өрескел қылық танытпауы, өркөкірек болмауы қажет. Ол сыпайы, ибалы болы тиіс», — деді Гүлнар Чикинаева.

Соңғы жаңалықтар
telegram