Gov.kz платформасындағы сайттар қайта істей бастады

электронды үкімет
Фото: pixabay.com

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік органдардың интернет ресурстарының бірыңғай платформасы – Gov.kz жұмысындағы ақау үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Kazinform.

Бүгін таңертең барлық министрлік пен әкімдіктердің ресми сайттары ашылмай қалған еді.

«Мемлекеттік органдардың Gov.kz интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының жұмысы қалпына келтірілді. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - деп жазылған «ҰАТ» АҚ ресми хабарламасында.

Орталықтың мәліметінше, аталған ақау себептері әлі анықталып жатыр.

Айта кетейік, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ – «Электронды үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелі және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

Соңғы жаңалықтар