Мемлекеттің салық жинау қабілеті неге нашарлап кетті – Ерұлан Жамаубаевтың жауабы
АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ерұлан Жамаубаев Қаржы министрлігінің салық жинау қабілеті туралы пікір білдірді.

— Кейінгі екі жылда салық жинау көлемі қатты азайып кеткені айтылып жүр. Бұрынғы Қаржы министрі ретінде айтыңызшы, ведомство сіз басқарған кезден нашар жұмыс істеп жатыр ма, әлде қазір проблема ашық айтылып жүр ме, — деп сұрады БАҚ өкілі.
Министр салық түсімінің жылдан-жылға азаюы жүйелік проблема екенін атап өтті.
— Ол енді бүгін ғана туындап отырған проблема емес қой. Экономикалық реформа жүргізіліп жатқанына бірнеше жыл болды. Бюджет, салық реформасы жүріп жатыр. Жақында жаңа Бюджет кодексін қабылдадық. Реформаны кейінге шегере берсек, жағдай жақсармайды. Бұл жерде бір адамның немесе бір министрліктің кінәсі деп айтуға болмайды. Жыл сайын салық түсімдерінің динамикасы азайып келе жатыр. Оның бәрі дұрыс емес. Сондықтан бір балансқа келуіміз керек, — деді ол.
Айта кетейік, бүгін Мәжіліс Салық кодексінің жаңа жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.