Меморгандар мемлекетті тілді кеңінен қолдануы тиіс - министрлік

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік органдар өз салалары бойынша атқарылатын жұмыстарында мемлекеттік тілді кеңінен қолдануы тиіс. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы жайында баяндаған ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Біріншіден, Тілдерді оқыту орталықтары мүлде жоқ немесе өте аз өңірлерде әкімдіктер жанындағы мемлекеттік оқыту орталықтарын ашу және санын арттыру қажет. Екіншіден, мемлекеттік органдар өз салалары бойынша атқарылатын жұмыстарында мемлекеттік тілді кеңінен қолдануы тиіс», - деді ол.

Үшіншіден, вице-министр Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесіне және «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңның 23-бабына сәйкес, 2019 жылдың соңына дейін мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу туралы ұсынысты қолдауды сұрады.

Бұған дейін Ақтоты Райымқұлова мемлекеттік тілдегі құжат айналымы 93 пайызға жеткенін мәлім етті. 

Соңғы жаңалықтар