Меморгандар мен қоғам арасындағы байланысты нығайту керек - Ерлан Әбіл

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бұл туралы елордада өткен «Отбасы институтын дамыту: Қоғам, бизнес, мемлекет» тақырыбындағы коуч-сессияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Меморгандар мен қоғам арасындағы байланысты нығайту керек - Ерлан Әбіл

«Бұл жерде мемлекеттік орган қызметкерлері, академияның (ҚР Президенті жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебі) магистрлері мен доктаранттары отыр. Шақыртуымызды қабыл алғандарыңыз үшін рақмет. Осы жерде суицидті, зорлық-зомбылық сияқты фактілерді азайту үшін қандай шаралар қолдануға болатыны туралы шешім қабылданады», - деді ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл.

Ол бұл шарадан қандай нәтиже күтетінін айтты.

«Халқымызда «Ел боламын десең - бесігіңді түзе» деген сөз бар. Бесікті түземей, жарқын болашаққа барамыз деп айта алмаймыз. Бұл шарада жақсы пікірталас болып, оның нәтижесі мемлекеттік органдар мен бизнес, қоғам арасындағы байланысты нығайтады деп ойлаймын», - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін аталған коуч-сессияда еліміз отбасылық құндылықтарды дамытатын институттарға мұқтаж екені айтылғанын жазған болатынбыз.

Автор: Зарина Қаһарман