Меморгандар мораторийге қарамастан, қызметтік көлік сатып алған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік органдар мораторийге қарамастан қызметтік көлік сатып алудан тыйылмай отыр. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алулар заңнамасы департаментінің директоры Сәбит Ахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Әкімдіктердің тарапынан көлік сатып алудың бірен-саран дерегі бар. Дегенмен, көп жағдайда әкімдіктер нормативтік-құқықтық актілерде көрсетілген техникалық сипаттама шегінде сатып алған. Жекелеген деректерге келер болсақ, оларға қатысты тексеру жүріп жатыр. Қорытындысы бойынша қосымша ақпарат беретін боламыз», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның дерегінше, жеңіл көліктерді негізінен Ішкі істер министрлігі және өңірлік полиция департаменттері сатып алған.

«Автокөлік сатып алу саны жағынан екінші орында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тұр. Бұл - мобилизациялық дайындық қызметтері, төтенше жағдайлар қызметі. Айта кетерлігі, автокөліктердің басым бөлігі жарияланған мораторий бойынша белгіленген шектеу шегінде сатып алынған. Онда екі шектеу бар. Біріншіден, жеңіл автокөлік қозғалтқышының көлемі 2 текше метрден аспауы және базалық жиынтықтан жоғары болмауы тиіс. Екіншіден, аталған автокөлік құралдары отандық өндірістен шығу қажет. Жалпы, автокөлік құралдарының барлығы да отандық тауар өндірушілерден сатып алынған», - деді Сәбит Ахметов.


Соңғы жаңалықтар