Меморгандар сатып алатын қызметтік көліктердің орташа құны қандай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің мемлекеттік органдары қызметтік көлік сатып алуға қанша қаражат жұмсайтындығы белгілі болды. Оны ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алулар заңнамасы департаментінің директоры Сәбит Ахметов жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Жеңіл автомобильдердің орташа құны 4,6 млн теңгені құрайды. Бұл әдетте орта санаттағы, «В« санатындағы көліктер болып келеді. Биыл Мемлекет басшысының тыйым салуына байланысты туындаған шектеулерге орай автокөлік сатып алу өткен жылға қарағанда үш есеге қысқарды»,- деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Департамент басшысының атап өтуінше, 2019 жылы мемлекеттік сатып алулар аясында 4,5 мың автокөлік құралы сатып алынған.

«Оның ішінде шамамен 15 млрд теңге жеңіл автокөлік сатып алуға жұмсалған. Қалғаны коммуналдық қыметке арналған арнайы техникаларды, яғни трактор, бульдозер, тазалыққа арналған көлік құралдарын сатып алумен байланысты», - деді Серік Ахметов.


Соңғы жаңалықтар