Меморгандар жұмысының көрсеткішіне журналистер сауалына жауап беруі әсер етеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік органдардың жұмысы журналистердің сауалына лайықты деңгейде жауап беруі арқылы бағаланады. Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатынан кейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Егер де мемлекеттік орган журналистердің сауалдарына әрекет етпесе, онда бұл жағдай аталған орган қызметі тармақтарының бірі болатынын түсінуіміз керек. Яғни, мемлекеттік орган  үшін бұл көрсеткіш төмендейді. Бұл ретте тармақтардың ішіндегі біреуі бойынша өзінің міндеттемелерін орындауда мемлекеттік орган тиімсіздігін көрсетеді. Сондай-ақ бұл кемшілік жалпы рейтингке әсер етеді»,-деді Д. Абаев.

Оның сөзіне қарағанда, уақыт өте келе мемлекеттік қызметкерлер идеяларының халыққа дейін жетуіне мүдделі болады.

Сонымен қатар министр күмәнді ақпаратты жариялағаны үшін БАҚ пен журналистердің жауапкершілігіне қатысты сұраққа жауап берді. Д. Абаевтың айтуынша, журналистер мен редакторлар жариялап отырған ақпараттың дұрыстығын тексеріп отыруы тиіс.

Соңғы жаңалықтар