Мен әрбір жауынгерлік ұшуымды ұмытқан жоқпын - екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов

Мен ешқашан да соғыс болмауын тілеймін. Бейбітшілік - жер үстіндегі ең үлкен байлық», - деді бүгін Алматыда ҚазАқпарат тілшісіне екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдинов.
28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алауға гүл қою салтанатына қатысқан Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің арасында Кеңес Одағының Батыры, ҚР тұңғыш қорғаныс министрі, «Халық қаһарманы», армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов те болды. Ол ардагерлер әлі де саптан шыққан жоқ және елдің қоғамдық өміріне белсене араласуда, деп атап өтті.
С.Нұрмағамбетовтің еске алуынша, Жеңіс күнін ол Берлинде қарсы алған. «Бұл күнді әлі ұмытқан жоқпын. Бұл шексіз қуанышқа толы күн болды. Соғыс төрт жылға жуық уақыт созылды. Соғыстың бір ғана мақсаты - жауды жеңу болды. Кеңес жауынерлері өз Отанын ғана емес, бүкіл Еуропаның тең жартысын азат етті. Бұл жеңіс кеңес халқына қымбатқа түсті, біз үлкен шығындарға душар болдық. Майданға аттанған 1 миллион 800 мың қазақстандықтың тең жартысы ғана елге оралды. Ал бүгінде олардың тірі қалғандары мүлдем аз. Қазақстанның бұл жеңіске қосқан үлесі орасан зор, деп санаймын. Айта кетейін, сол жылдары СОКП ОК орталық органы «Правда» газеті қазақстандықтардың соғыс кезіндегі ерлігі жайлы жиі жазып тұрды», - деп атап өтті Кеңес Одағының батыры.
Соғыстан кейін ол Қарулы Күштер қатарына қызмет етті. «Менің бүкіл өмірім армиямен байланысты. Бізде қазір күшті, сауатты, патриот жастар өсіп келе жатқанын көріп отырмын. Өскелең ұрпаққа адамда бір ғана Отан болатынын, оны қорғап, гүлденуі үшін еңбек ету қажеттігін ұмытпауы тиіс екенін айтқым келеді», - деп атап көрсетті армия генералы.