«Мен әскерде болғанда» байқауына өтінімдер қабылдау аяқталды
Қабылдау комиссиясына өздерінің жұмыстарын 25-тен аса автор жолдады. Өтінімдер Қазақстанның түкпір-түкпірінен келіп түсті, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
Конкурсанттар арасында ҚР ҚК-нің қазіргі әскери қызметшілерімен қатар әр жылдары қазақстандық армияда мерзімді қызмет өткергендері, сондай-ақ запасқа босатылған сардарлар да бар. Қатысушылардың мұндай әртүрлілігі байқаудың қоғам арасында қызығушылық туғызып, әр жылдары әскермен байланысты болғандардың жүректерінен, әскери қызмет пен армияның тыныс-тіршілігі туралы жақсы білетіндер арасында орын тапты.
«Мен әскерде болғанда» шығармашылық байқауына қатысуға әуесқой және кәсіби шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушылар, әскери қызметшілер, мерзімді қызмет сарбаздары, сондай-ақ 18-ден бастап және одан үлкен жастағы қазақстандық әскер қатарында борышын өткергендер өтінім бере алды.
Өтінімдерді қабылдауды аяқтаған, құрамында кәсіби музыканттар, әскери сала өкілдері бар байқау комиссиясы енді барлық авторлық жұмыстарды қарауға және бағалауға кіріседі. Бұл ретте орындау шеберлігі, мәтіннің бірегейлігі (мағынасы, сөз саптауы және т.б.), берілген тақырыпқа әуеннің сәйкес келуі, сондай-ақ көрерменнің жалпы қабылдауы ескеріледі.
Байқау жеңімпазы үшін ҚР Қорғаныс министрлігі ерекше сый-сияпат дайындауда, яғни, кәсіби тұрғыдағы ән бейнебаянын түсіру.