Мен Австрияның сот орындарына Р.Әлиевті қолдап ешқандай хат айғақтар берген жоқпын ? кәсіпкер Адонис Дербас

АЛМАТЫ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Дәурен Жайлин/ - «Мен Рахат Әлиевтің әрекеттерінен зардап шеккен адамдардың құқықтарын қорғау мақсатында «Тағдыр» қоры құрылғанын естігенімде, жалғыз емес екенімді түсіндім», - деді бүгін Алматыда арнайы баспасөз мәслихатында канадалық кәсіпкер Адонис Дербас,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық тергеу орындары Канаданың азаматы Адонис Дербас 1998 жылы Қазақстанға келіп, Рахат Әлиевпен бірлесіп бизнеспен айналысқанын анықтады. Бірқатар уақыттар өткеннен кейін Р.Әлиев өзінің қызмет бабын және ықпалын пайдалана отырып, А.Дербасты істен шеттетті. Канадалық азаматтың айтуынша, Р.Әлиев онымен қарым-қатынасын қалпына келтіруге бірнеше рет әрекет жасады, Венаға келіп тұруға шақырды, онда А.Дербас Р.Әлиевтің әріптесі ретінде заңсыз қылмыстық іс қозғалғаны туралы Қазақстан Үкіметінің үстінен талап-шағым беруге тиіс еді. «Бұдан басқа ол менің АҚШ-та оның мүддесін көздеп американдық ұйымдарда болуымды қалады. Мен барлық ұсыныстардан бас тарттым», - деді шетелдік кәсіпкер. Австриялық сот Р.Әлиевті оның хаты бойынша Қазақстанға жөнелтуден бас тартыпты-мыс деген ақпаратқа қатысты А.Дербас оны қорғап ешқандай хат жазбағанын және австриялық сот орындарына ешқандай айғақ бермегенін мәлімдеді. А.Дербас Батыста жұртшылық Р.Әлиевтің кім екенін жақсы білмейді. «Сондықтан әлеуетті күштер шынайы ақпаратта таратуда «Тағдыр» қорына жәрдемдесуі тиіс. Бірлесе отырып қана нәтижеге қол жеткізуге болады. Мен бұл іспен біраздан бері айналысып жүрмін,- бірқатар еуропалық елдердің соттарына талап-шағым бердім» - деді ол.
Соңғы жаңалықтар