«Мен азаматтығымды ауыстырмаймын» ­- А. Полторанин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шаңғышы Алексей Полторанин баспасөзде шу тудырған өзінің сұхбаты жайлы сөз ете келе, оған жаттығу үшін толық жағдай жасалмағанын сынағаны болмаса, Қазақстаннан кету немесе азаматтығын ауыстыру жайлы мүлде ойламағанын айтты, деп жазады «Караван».

«Мен азаматтығымды ауыстырмаймын» ­- А. Полторанин

«Мен тек Владимир Смирновтың жолымен әлем біріншілігіне, олимпиадаға еуропалық клубтың атынан Қазақстан туы астында өнер көрсеткім келетінін айттым», - дейді спортшы.

Бірақ бұл ойын жүзеге асыру оңай шаруа емес екенін жасырмаған ол өз қолынан демеушілер іздеп, келіссөздер жүргізу келмейтінін, бар білетіні - жаттығумен айналысу екенін айтты.

«Азаматтығымды ауыстырмаймын! Мен өз Отанымды, Қазақстанымды сүйемін! Менің сөзімнің бұрмаланғанына, ойымды дұрыс жеткізе алмағаныма өкініш білдіремін. Сол үшін көпшіліктен кешірім сұраймын», - деді шаңғышы.

Естеріңізге сала кетейік, «Караванда» жарияланған сол сұхбатта айтылған сөздерді жоққа шығарған шаңғы спортынан ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі Ердос Ахмадиев Полторанинді өтірік айтты деп айыптаған болатын.