Мен ажал құштыратын боксшы емеспін - Головкин

"Дэнни мен оның командасы өте жақсы жұмыс жасады. Өте жақсы, өте таза жұмыс. Дэнни, сол үшін менің құрметімді қабыл ал! Әрине, менің командама да, бапкеріме де, спорт жанкүйлеріне де алғыс айтамын. Дэнни жарады! Оның дайындығы жақсы!", - деді Геннадий Головкин. Ал нокаутқа қатысты сұраққа GGG: "Мен адам өлтіретін қаскөй емеспін, мен - боксшымын. Дегенмен, маған шешуші айқас қажет, биг шоу, биг драма шоу. Мен шоуға дайынмын. Барлығына да сол керек. Әрине, бүгін мен 12 раундтың қорытындысы бойынша жеңемін деп ойлаған жоқпын. Себебі бұл - бокс, бокста сапалы жекпе-жектер болуы керек", - деп атап көрсетті чемпион.
Айта кетейік, бүгінгі жекпе-жекте орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) кезекті жеңісіне қол жеткізіп, барлық белбеулерін қорғап қалды. Алайда үздіксіз нокауттар сериясы осымен аяқталды. Ал Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) өзінің спорттық мансабында екінші рет жеңіліс тапса да, сенсация жасап, он екінші раундқа дейін шыдады.