12:28, 11 Қараша 2013 | GMT +5
Мен бүгінгі жастар кітап оқымайды деген пікірмен келіспеймін - М. Құл-Мұхаммед
АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен бүгінгі брифингте ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед бүгінгі жастар кітап оқымайды деген пікірмен келіспейтіндігін жеткізді.

«Бәлкім, қазіргі жастар баспа үлгісіндегі кітаптарды оқымайтын шығар. Бүгінгі таңда олар жаңа кітаптың дүкенге түсуін күтпей-ақ оны ғаламтордан тауып, электронды нұсқасын оқып жатады. Мен өзім кейінгі уақытта шетел әдебиеттерінің электронды нұсқасын оқуға көштім. Біз бүгінгі заманның осы іспетті өзгерістерін ескере отырып, «Қазақстанның электронды кітапханасы» атты үлкен жобаны іске асырдық. Онда 4280 кітап және 16 мыңнан астам құжаттың көшірмелері бар. Кітапхана қоры үнемі жаңарып отырады»,-деп атап көрсетті министр.