12:43, 19 Қазан 2015 | GMT +5
«Мен Геннадийді спортшы ретінде де, азамат ретінде де жақсы сыйлаймын» - Қанат Ислам
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Фейсбуктегі парақшасына отандасы Геннадий Головкин туралы пікірін жариялады.

«Гена - мықты боксшы. Ол - біздің алдымыздағы ту. Алдымыздағы ту құламасын, кәсіпқой боксқа кеш қосылған біздер де алдымыздағы тудың құлағанын қаламаймыз.
Мен Геннадийді спортшы ретінде де, азамат ретінде де жақсы сыйлаймын. Біз кезінде - Гена, Бақтияр Артаев, Бақыт Сәрсекбаевтар - бәріміз бір салмақтың боксшылары болдық. Бірақ, әуесқой бокста Генамен шаршы алаңда кездесіп көрген жоқпын. Кәсіпқой бокста да кездеспейміз. Себебі, Гена екеуіміз де бір елдің, қазақ топырағының намысын қорғап жүрміз. Ал бізді бір-бірімізге қарсы қою ағайынды Кличколарды бір-бірімен төбелестіргенмен бірдей», - деп жазылған оның парақшасында.