Мен Головкинді сұлатып салар едім - кіші Флойд Мейвезер

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі заманның ең үздік боксшысы атанған 38 жастағы кіші Флойд Мейвезер (49-0, 26 КО) 33 жастағы қазақстандық кәсіпқой былғары қолғап шебері, орта салмақта WBA/IBF/WBC interim/IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен рингте кездескен жағдайда оны сөзсіз жеңетіні туралы мәлімдеді.
None
None

«Головкинді жеткен жетістігімен құттықтаймын, алайда ол менің салмағымда да мені жеңе алмас еді. Мен оны нокаутқа жіберер едім», - деген Мейвезердің сөзін келтіреді mmaboxing.ru.

Еске сала кетейік, Мейвезер қыркүйек айында спортпен қош айтысқанын жариялаған болатын.

Ал біздің жерлесіміз 18 қазан күні Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өткен кездесуінде канадалық боксшы Давид Лемьені жеңіп, IBF чемпиондық белдігін олжалаған еді. Оның қоржынында бұған дейін WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша чемпиондық атағы болған, деп жазады Vesti.kz

Соңғы жаңалықтар