«Мен қазақпын» деп ән шырқаған Қытайдағы қандасымыздың ролигін бір күн ішінде 2000-ға жуық адам тамашалады - ВИДЕО
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ғаламторға Қытайдағы полицей қазақ домбырамен тарихи отанына деген сүйспеншілігін жеткізген видео шыққан болатын.
Тәулікке жетер-жетпес уақытта оны тамашалағандар саны 1700-ден асты.
Видео авторы орындаушы ҚХР Алтай өлкесінің тұрғыны екенін хабарлайды, алайда бейнеролик кейіпкерінің есімі аталмайды.
Желі пайдаланушылары әншіге алғыс білдіріп, оның дарынын атап өтуде.