Мен қазіргі кинодан қалып қойдым - әртіс С. Безруков
АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Мен театрда тарихи кейіпкерлерді ойнап, қазіргі кинодан қалып қойдым-ау деймін. Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Ресейдің танымал әртісі Сергей Безруков осылай айтты.
«Байқап қарасақ, қазір күн сайын сан алуан сериалдар шығып жатыр ғой. Онда жақсы әртістер ойнайды. Мен өзім соңғы бір жыл бойы киноға түскен жоқпын. Театр сахнасында ғана жүрмін. Бұл - менің жан рахатым. Негізі, мен театрда тарихи кейіпкерлерді ойнап, қазіргі кинодан қалып қойдым-ау деймін», - деп атап көрсетті С. Безруков.