22:05, 07 Мамыр 2012 | GMT +5
«Мен көрген соғыс» кітабының желісімен түсірілген фильмнің тұсауы кесіледі
АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Ертең, сейсенбі 8 мамыр күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлдың «Мен көрген соғыс» атты кітабының желісімен түсірілген фильмнің тұсаукесері өтеді.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.
Фильмді «Қазақфильм» киностудиясының режиссері Тілеген Ахметов түсірген. Қойылым Астана қаласы, «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында «Кинопарктің» 7 залында өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл «Ауғанның от-жалыны», «Мен көрген соғыс», «Война, которую видел я», «Қан кешкен күндер», Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев туралы «Намыстың құлы - Алаштың ұлы», «Қаһарман» атты жастарымызды отансүйгiштiкке тәрбиелеп, ерлiкке баулитын бірқатар патриоттық кiтаптардың авторы.