Мен М. Маклинді сыйлаймын, бірақ рингте аяушылықты күтпесін - бокстан әлем чемпионы Г.Головкин

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - WBA нұсқасы бойынша орташа салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы Мэттью Маклин болады.
None
None

Бұл туралы https://isport.ua жазып отыр. Жекпе-жек АҚШ-тың Коннектикут штаты Мэсхантукете қаласының MGM Grand Theate залында өтеді.

«Жаттығу лагері болжағанымыздай өтуде және мен жоспарға сай өзімнің дене бітімімнің шыңына таяп келемін. Менің спарринг-серіктестерім жақсы. Бұл бағытта Зауырбек Байсанғұровты атап өткен дұрыс. Мен алдағы жекпе-жекке 100 пайыз әзірмін. Сондықтан Маклинге кездесудің оңай болатынына үміттенудің қажеті жоқ. Мен Мэттьюді сыйлаймын, бірақ шаршы алаңда аяушылықты күтпесін», - деді сұхбат барысында Г.Головкин.

Соңғы жаңалықтар