Мен өзіме жүктелген сенімді ғана емес, қыруар қаражатты да ақтауға тырысамын - велошабандоз В.Нибали

АСТАНА. 6 маусым. ҚазАқпарат - Маған қыруар қаржы салынды. Мен оны жақсы түсінемін. Сол себепті сенімді де, қаржыны да ақтауға тырысамын. Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Pro Team Astana» командасының велошабандозы, Джиро д'Италия көпкүндігінің жеңімпазы Винченцо Нибали осылай айтты.

Мен өзіме жүктелген сенімді ғана емес, қыруар қаражатты да ақтауға тырысамын - велошабандоз В.Нибали

«Әрине, ең алдымен, «Астанаға» және барлық жанкүйерлерге маған сенім артқаны үшін зор алғысымды айтамын. Өйткені маған қыруар қаражат салынды. Мен оны жақсы түсінемін. Оның барлығын ақтауға тырысамын. Әлбетте, бұған дейін де жеңістер болды. Алайда мен үшін, «Астана» үшін осы жолғы жеңістің орны бөлек. Шынымды айтсам, мен «Астананың» құрамында өзімді жақсы сезінемін. Себебі команда ішіндегі қарым-қатынаста өзара сенім бар. Жеңіске жету үшін сол керек. Алдағы Тур-де-Франста да жеңіс тұғырынан көрінуге тырысамын», - дейді В.Нибали.