Мен өзіммен бірге жеке куәліктерімді алып жүрмеймін – Бағдат Мусин

None
Фото: t.me/aifnews2023
АСТАНА. ҚазАқпарат – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Астана халықаралық форумының қонақтарына Қазақстандағы цифрландыру саласындағы жетістіктер жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр Қазақстан азаматтары ел ішінде өздерімен жеке басын куәландыратын құжаттардың түпнұсқасын, жүргізуші куәлігін және басқа да куәлік түрлерін алып жүруі міндетті емес екенін еске салды.

«Ешбір әлеуметтік құжаттарды алып жүрудің қажеті жоқ. Мұның бәрі заңды, цифрлық құжаттардың құқықтық мәртебесі бекітілген. Мәселен, өз басым Қазақстан аумағында жүргенде қалтама әмиян салмаймын. Тек ұялы телефонды ғана пайдаланамын. Кез келген Қазақстан азаматынан сұраңыз, олардың көбісі қағаз құжаттың түпнұсқасын немесе банк картасын және басқа да куәлікті өзімін бірге алып жүрмейді», - деді Б.Мусин форум аясында өткен сессия барысында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгінгі форумда Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров перспективасы төмен ауылдардың тұрғындарын даму мүмкіндігі жоғары елді мекендерге көшіру мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Астана халықаралық форумы алаңында сөз сөйлеп, әлемдік тәртіптің парадигмасы өзгерген кезеңдегі «орта» мемлекеттердің рөлі жөнінде баяндама жасады.


Соңғы жаңалықтар
telegram