Мен референдумды өткізу туралы шығысқазақстандықтардың үндеуін ардагерлердің қолдайтындығына күмәнданған жоқпын - Қ. Сүлейменов

АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Мен шығысқазақстандық ардагерлердің Мемлекет басшысының өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдумды өткізу туралы үндеуінің өзге ардагерлер тарапынан қолдау табатындығына күмәнданған жоқпын»,-деді Республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қайырбек Сүлейменов. Бұл туралы ол бүгін «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесінің кезекті пленумында айтты.
None
None

«Біздің ардагерлер, ұйымымызда тіркелген 1 миллион 600 мың ардагерлер мен зейнеткелер, үндеуді қолдайтындықтары белгілі. Біз осы уақытта барлығымыз бірігіп, Конституциялық кеңестің шешімін күтудеміз. Ең бастысы біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімін күтеміз. Егер ол референдум өткізу қажет деп тапса, еліміздің ардагерлері мен зейнеткерлері Мемлекет басшысына дауыс береді деп нық сеніммен айта аламын. Өйткені тәуелсіздік орнаған 20 жыл ішінде барлығымыз Президентіміздің өте оңды ішкі және сыртқы саясат жүргізіп отырғандығының куәсі болып отырмыз»,-деді Ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Оның пікірінше, зейнеткерлер өмірдің қызығы мен қиындығын бірдей сезініп, оның ақ-қарасын ажыратып, үлкен тәжірибе жинақтаған халық. Олардың көпшілігі тіпті Ұлы Отан соғысына да қатысқан. Тағы бір бөлігі соғыстан кейінгі жылдардағы қиындықтарды бастан өткерді. «Ал мен Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі экономикамызды қалпына келтіру жолындағы мәселелерге араластым. Қорыта келгенде, біздің ардагерлер айтпақшы «Біз өзіміздің және балаларымыздың тағдырын тек Назарбаевқа ғана сеніп тапсыра аламыз», -деді Қ.Сүлейменов.

Соңғы жаңалықтар