Мен транзитер емеспін - Қасым-Жомарт Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мен өзімді Қазақстан Республикасының толыққанды Президентімін деп санаймын. Бүгін Ақордада отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мен транзитер емеспін - Қасым-Жомарт Тоқаев

"Ең алдымен, мен транзит деген сөзге қарсымын. Сондықтан ресейлік телеарнаға сұхбат бергенімде қазақша транзиттің не екендігі жайында сөз қозғадым. Транзит дегеніміз не? Мен сонда транзиттік жолаушы болмаса жолсерікпін бе? Мен өзімді Қазақстан Республикасының толыққанды Президентімін деп санаймын. Мен жолсерік те, транзитер де емеспін. Пойызды не болмаса ұшақты ауыстырайын, басқа жылжымалы құралға отырайын деп тұрғаным жоқ. Транзит деген сөзді доғарайық. Сайлау өтті, Президент сайланды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы халқының бірге өмір сүру деңгейін көтеру үшін, халқын бақытқа кенелту үшін жұмыс істейтіндігін баса айтты.