Мен үшін өз командамның жеңісі бәрінен де қымбат - Ержан Мүсәпіров

ГУЯНГ. 6 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жекелеген чемпионатқа дейін қалпыма келуге уақыт жеткілікті.
None
None

Оны 27 мамырда Бүкілемдік бокс сериясы аясында өтетін жекелей сынға жолдама алған «Астана арландары» комндасының мүшесі Ержан Мүсәпіорв бүгін Қытайдың Гуянг қаласында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Ержан командалас өзге серіктерімен бірге ертең Бүкіләлемдік бокс сериясының ақтық сайысында «Астана арландары» мен «Париж юнайтед» арасында өтетін ақтық сайыста өнер көрсетеді. Бұған дейін ол өз командасы сапында Бүкіләлемдік бокс сериясы аясындағы 7 жекпе-жекте бақ сынап тек біреуінде жеңіліс тапқан еді. Бұл жолы Абделкадер Шадимен жұдырық түйістірмек.

«Мен үшін ақтық сында өз командамның жеңісі бәрінен де қымбат. Жекелей сынға дейін өз бабыма келуге жеткілікті уақыт бар. Қорқатын ештеңе де жоқ», - дейді Ержан Мүсәпіров. 61 келі салмақта шаршы алаңға шығатын оның жекелей сындағы қарсыласы қытайлық Жимин Уанг болмақ. Онда жеңіске жеткен боксшы 20 мың АҚШ доллары көлеміндегі сыйақы мен Олимпиада жолдамасын иеленеді деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар