Мен үшін журналистика кәсіп қана емес - өнер - Нұртілеу Иманғалиұлы

АЛМАТЫ. 16 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Осы форумға қатысып отырған жастарды біздің тәуелсіздігіміздің талантты туындылары деп атағанды жөн көрем.

Мен үшін журналистика кәсіп қана емес - өнер - Нұртілеу Иманғалиұлы

Оны белгілі тележурналист, Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының профессоры Нұртілеу Иманғалиұлы бүгін Алматыда өтіп жатқан IV «Қаламгер - Азамат» жас журналистер форумында айтты.

«Форумға кез-келген адам қатыспайды. Соған сенгім келеді. Форумға өзінің айшықты ойыменен елдің көзіне түскен өзінің талантымен, дарынымен мойындата бастаған жастар қатысады ғой деп ойламын. Ылғи талантты жастардың басы қосылса, дастархан басындағы әңгіме не ресми құттықтау сияқты шарттардан бөлек және форумның аясынан тыс әңгімелер жүру керек. Ол әңгімелер біріне-бірі пайдасын тигізетін, бірінен-бірі үйренетін мектеп болу керек деп ойлаймын», - дейді тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлы. Оның пайымдауынша, бүгінгі ақпарат ағынында өз жолыңды табу және оны ұлттың қадіріне жарататын ой айта білу таланттардың ісі болуға тиіс.