Мен Винокуровтың нағыз жанкүйерімін - Финляндиялық министр

«Мен өзімнің сезімімді айтып жеткізе алмай тұрмын. Бұрын-соңды велодромда велосипедпен жүріп көрген емеспін. Оның үстіне «Астана» командасының, Владимир Винокуровтың жанкүйерімін. Әрине, ол бүгін жаттығуға келсе жақсы болар еді, алайда жол жүріп кеткендіктен, келе алмады», - деді А. Стубб.
Министрдің триатлонмен, оның ішінде велоспортпен айналысқанына 4 жылдай болыпты. Содан бері «Астана» командасын танып-біліп, жанкүйеріне айналып үлгерген.
«Бір өкінішім, велоспортпен кешірек, 40-тың қырқасына шыққаннан кейін айналыса бастадым. Дегенмен, жас кезімнен спортқа бейімім бар», - дейді спортшы министр.
«Лондон олимпиадасында, шынымды айтсам, британ құрамасында өнер көрсеткен финдік спортшы Юсси Вейкканенге жанкүйер болдым. Британ құрамасы жеңетін шығар деп ойлағанмын. Алайда Винокуров жеңген кезде өте қатты қуандым. Мен оның карьерасын жақсы білемін, «Тур де Франста» жарақат алғанынан да хабардармын. Ал Олимпиада алтыны карьерасындағы алтын тәжі болды», - деп бөлісті өз ойымен А. Стубб.
«Спорт мен үшін өмірімнің қызығы. Саясаткер болғандықтан, жұмыс бабымен 1 жылдағы 365 күннің 120-сын жолда, шетелдерде өткіземін. Егер де мен спортпен айналыспаған болсам, осындай ауыртпалықты көтере алмас та едім. Шынымды айтсам, менен білікті саясаткерден гөрі кәсіби спортшы оңайырақ шығар ма еді деп ойлаймын кейде», - дейді ол.
Айта кетейік, біздің елде де велоспортқа қызығатын министрлер бар. Олардың бірі ретінде ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішевті атауға болады.