Менеджер Сергей Завилейский: Фирузаның міндеті - әлем чемпионы болу

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан боксының өкілі, әлемдегі ең сұлу боксшы қыздардың бірі Фируза Шарипованың алдағы жекпе-жекке дайындығы мен жоспарлары туралы оның кәсіпқой бокстағы ең жақын адамдары Олар Фирузаның менджері Сергей Завилейский мен жаттықтырушысы Сергей Кубышев айтып берді.
None
None

Бірінші болып ҚазАқпарат тілшісінің сауалдарына Сергей Завилейский жауап берді.

-Фируза өзінің қарсыласы ретінде неге Светлана Кулакованы таңдап отыр? Кулакова оның жекпе-жекке шақыруын қабыл алды ма?

- Светлана Кулакова - посткеңестік кеңістіктегі ең атақты әрі қызықты қарсылас. Фирузаның Светланаға қарсы шыққаны телеарналар үшін керек болып отыр. Нақтырақ айтқанда, Ресейдегі алдыңғы қатарлы «Матч ТВ» спорт арнасы Фирузаның дәл Светаланамен қолғап түйістіргенін қалайды. Спорт жағынан қарасаңыз, Фируза үшін де үздіктермен рингке шыққан қызықтырақ. Светлана Куликованың командасымен алдын ала келісім жасалды. Жақын уақытта ол жекпе-жек өтеді. Біздің тараптан да, олардың тарапынан да жекпе жекті ұйымдастыруға құлшыныс бар. Қазіргі уақытта мәселенің анық-қанығып реттеп жатырмыз.

-Фируза қазақша күрестен «Қазақстан Барысы -2017» турнирінде спорт коментаторы ретінде «Бокс ТВ» арнасында тікелей эфирді жүргізді. Оған бұл сала ұнады ма, болашақта кәсіби спорт коментаторы болғысы келмейді ме?

- Иә, Фирузаға ол ұнады. Және оның тікелей эфирде коментатор ретінде болған бейне үзінділері әлеуметтік желілерде танымал болды. Көптеген телеарналар Фируза Шарипованы коментатор ретінде шақырар еді, бірақ қазіргі уақытта оның бұған уақыты жоқ. Себебі, ол қазір чемпиондық жекпе-жекке дайындалып жатыр. Ал болашақта бос уақыты болғанда ондай хоббилермен айналысуы мүмкін, оның актриса болғысы да келеді. Бірақ, қазір ең бастысы - бокс.

- Фируза Шарипова қысқа уақыт ішінде танымал болып үлгерді. Оның қоғамда танымал болғаны жеке өміріне кедергі келтірмейді ме, ол жарнамаларға жиі түседі ме?

- Біз қазір бәріне үлгере алмайтын болғандықтан түсірілімдерді сараптап, іріктейміз. Қазіргі уақытта жаттығу процесінен шығып қалып жүрміз. Біздің мақсатымыз - Қазақстаннан шыққан қыздар арасында бірінші әлем чемпионы атану. Осы мақсатта біз жұмыс істеп жатырмыз. Оны шақырған жердің бәріне келісе берсек, бұл оны алаңдатып, уақытын алады.

-Шарипова қазіргі уақытта өмірде спорттан басқа немен айналысады? 

- Фирузада мүлдем бос уақыт жоқ. Ол ояна салып жаттығуға кетеді, сосын клиникаға барып, қалпына келтіру медициналық шараларын қабылдайды. Қайтадан залға қайтып келіп, жаттығуын жалғастырады. Осыдан кейін, оның тек ұйқыға ғана уақыты қалады. Фирузаның күні осылай өтіп жатыр. Спортта биік белесті бағындыру үшін барлығын құрбан қылу керек болады. Фирузаның міндеті - әлем чемпионы болу. Ол бұған жоспарлы түрде келе жатыр.

Спортшы қыздың физикалық дайындығы туралы оның бапкері Сергей Кубышев айтып берді.

-Фируза Шарипованың қазіргі уақыттағы физикалық дайындығын қалай бағалар едіңіз? Спортшыны бабында ұстап тұрған ерекше тәсіл бар ма?

- Оның физикалық формасы өте жақсы деңгейде. Чемпион боламын деген ниеті оны бабында болуға ынталандырады. Ол чемпион атануға толығымен дайын.

- Фирузаны өзге спортшылардан ерекшелеп тұратын қандай қасиеті бар, оның сымбаттылығын, ерекше ерік-жігерін айтпағанда? Оның өз жұмысына деген айрықша әдіс-тәсілі бар ма?

- Оның берілген тапсырманы орындауға деген ынтасы мен көңіл-күйі, сондай-ақ үйренуге деген талабын атап өтер едім. Бұл кәсіпқой бокс үшін өте қажет дағды. Ондай қасиетімен екінің бірі мақтана алмайды.

- Саламатты өмір салты мен спортты насихаттау - Қазақстан қоғамының міндеттерінің бірі. Фируза Шарипова спортқа қалай келді? Сіздіңше, жастарды спортқа қалай қызықтыруға болады?

-Фируза спортқа ерте жасынан қызыққан. Боксқа 10 жасынан келген. Ал балаларды қалай спортқа баулуға болады деген сұраққа айтарым, - егер бұл мәселе мемлекеттік саясаттың нысаналы міндеті болмаса, ол шешілмейді. Бұл жерде спорттың дамуына бизнесмендердің де жаппай қолдауы қажет. Балалар мен жасөспірімдердің тегін спорт мектептері мен секциялары болуы қажет. Мемлекет дені сау ұрпақтың тәрбиесіне көңіл бөлуі керек.

-Мәскеуге көшкеннен кейін Фируза өзгерді ме?

- Мәскеуге келгендердің барлығы өзгереді. Ресей астанасы Фирузаны спорттық тұрғыдан алғанда өзгертті. Кәсіби жағынан Фируза әуесқой боқстан кәсіпқой боксқа ауысты, жекпе-жек әдістерін ауыстырды. Фируза уақытының 99 пайызын жаттығуға арнап жатыр. Ол күн сайын дайындалады, оның күніне екі жаттығуы бар. Фируза қазір бұрынғыдан гөрі мықты, шыдамды бола түсті. Қазір оның кәсіпқой боксшы ретінде таланты ашылып келеді.

***

Айта кетейік, Фируза Шарипова - 2012 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстан чемпионатының екі дүркін жеңімпазы (2012,2013), 2014 жылғы күміс, 2016 жылғы қола жүлдегері. 

Соңғы жаңалықтар