«Менеджмент ЖМҚ» ЖШС мен Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту орталығы» АҚ сала бойынша жаңа стандарттарды енгізуге дайын
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жүздесу барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы проблемалармен қатар осы саладағы өзара әрекеттестік бағыттарының жаңа үлгілері мен әдістемелерінің Қазақстан Республикасындағы қалыптасу және енгізілу мүмкіндіктері талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша өзара әрекеттестік жөніндегі меморандумды әзірлеп, бекіту, сонымен қатар басқарушы компаниялардың жұмысына арналған стандарттарды қалыптастыру туралы шешім қабылданды. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жұмысын реттейтін нормативтік және заңдық базасын жетілдіруге негізделген біріккен шараларды өткізу туралы уағдаластықтар жасалды.
Естеріңізге сала кетейік, «Менеджмент ЖМҚ» ЖШС - «Самұрық-Қазына» Жылжыматын мүлік қоры» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады. Басқарушы компанияның негізгі бағыттары тұрғын және коммерциялық орынжайларды жалға беру болып отыр. Сонымен қатар, «Менеджмент ЖМҚ» Басқарушы компаниясының мақсаты - Жылжымайтын мүлік қорының қаржысы көмегімен салынған ғимараттар мен нысандардың қолданысқа берілуі мен техникалық қызметін қамтамасыз ету.