Менеджментегі жаңа философияның негізін қалаушы Назарбаев Университетінде дәріс оқыды

ТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат. Назарбаев Университетінде кәсіпорын менеджментінде лин-технологиялар және кайзен методикасының негізін қалаушы (Кайзен - жапон тілінен «үзілмейтін жетілдіру»), сарапшы Масааки Имаи мырзаның дәрісі өтіп жатыр, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.

Менеджментегі жаңа философияның негізін қалаушы Назарбаев Университетінде дәріс оқыды

«Өндірістегі сапаның көтерілуі мен шығындарды қысқарту бірге бола алады» - деді дәріс барысында Имаи мырза. Өз презентациясында спикер автоөндіруші компаниялар «Тойота» мен «Дженерал Моторс» мысалдарында қарама-қарсы менеджмент түрлерін көрсетті.

Бұл - Имаи мырзаның Орталық Азиядағы тұңғыш дәрісі. Іс-шара ұйымдаструшылары - Назарбаев Университеті мен Қазақстан-Жапон адам даму орталығы (Kazakhstan-Japan Center or Human Development).