«Мені үйіңе алып кет»: Елордада жануарлардың фотокөрмесі өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы еңселі ойын-сауда орталықтардың бірі MEGA Silk Way-де иесіз иттерге арналған «Мені үйіңе алып кет» атты фотокөрме ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мені үйіңе алып кет»: Елордада жануарлардың фотокөрмесі өтіп жатыр

Көрменің мақсаты - адамдарға иттерді асырау қауіпті емес екенін түсіндіру, өйткені олардың әрқайсысы зардап шеккен, вакцинацияланған.

«Бұл іс-шараның басты мақсаты - әрбір иттің иесін табуы болып отыр. Көрменің барысында маған күн сайын хабарласып, ит немесе мысықты асырап алғысы келетін адамдардың қоңыраулар шалып жатқанын айтқым келеді. Өкінішке қарай, адамдардың толығымен жауапкершілікті сезіне бермейді. Өйткені, Сіз итіңізбен сәл ойнап, көшеге қайта қаңғытып жіберетін адамға беремеуіңіз керек», - деді «АстанаВетСервис» КМК директоры Данияр Абдулов.
null 

Ол өз сөзінде барлық үй жануарлары орналастырылған тәлімбақ барын атап өтті.

«Күн сайын бізге кем дегенде 10 ит жеткізіледі. Демек, тәлімбақтың да саны күн санап артып келе жатыр деген сөз. Алайда оларды асырап алу жағы аса қарқынды емес», - дейді Данияр Абдулов.

Сонымен бірге, ол жаңа тәлімбақтың құрылысы үшін қаладан 4 га аумақ бөлінгенін тілге тиек етті. Жоспар бойынша келесі жылы жаңа тәлімбақ ашылып қалуы керек. Ол мамандандырылған ХҚО жақта орналасатын болады.

«Аулауға stop» еріктілер қозғалысы директорының орынбасары Инна Панченко осы ретте көрме ұйымдастыру жұмысы бұрыннан жоспарланып жүргенін айтты.

«Көшедегі иттерден үрейленудің ешқандай қажеті жоқтығын адамдар түсінуі керек. Сайып келгенде иттердің өздері адамдардан артық жасқаншақ келеді. Егер итке көмектесе алмасаңыз - жоқ дегенде қорлауға жол бермеуге тырысыңыз. Тамақ беріңіз немесе жанынан өтіп кетіңіз. Кез келген адам біздің тәлімбаққа келіп иттерді алып кете алады», - деді Инна Панченко.
null 

Оның айтуынша, жыл басынан бері 6 итті адамдар асырауға алып кеткен.

«Кісілердің көбі «Аулауға stop» уақытша ұстау изоляторы туралы білмегендіктен, бірлесе отырып жұмыс жүргіздік. Егер бізге келіп итті тегін алып кетуге мүмкіндік болып тұрса, оны басқа жерден сатып алудың қаншалықты қажеті бар. Бірақ, әлеуетті иелеріне келгенде біздің өзіміздің талаптарымыз бар. Біз ең алдымен иттің тұратын орыны болуы керектігін ескертеміз. Мәселен, бізге 70 жастағы бір қарт келіп, иттің бірін алып беруге міндетті екенімізді айтты. Жоқ, біз беруге міндетті емеспіз. Бұл иттер онсыз да бір кездері көшеде қалдырылған. Оларға біз балалар секілді қараймыз. Олар да тірі жан, олар да тіршілік еткісі келеді», - дейді Инна Панченко.

Көрмеге қатысты фотограф Руслан Хасанов та өз ойымен бөлісті. Оның айтуынша, көптеген адамдар итке жеткілікті дәрежеде қарамайды. Күшік кезінде сатып алады да, өсіп кеткеннен кейін көшеге қоя бере салады.
null null null null 

«Осы көрмеге дайындық барысында иттердің бірі де маған оғаш мінез танытқан емес. «Аулауға stop» уақытша ұстау изоляторында оларға барлық жағдай жасалған. Осы көрме арқылы біз кез келген адамға итті немесе мысықты асырап алған кезде жауапкершілікті сезіну керектігін ескерткіміз келеді. Көптеген адамдардың иттің иесіне адал дос екенін естен шығарып бара жатқан секілді. Менің тіпті иттердің жылаған кездерін көріп, көңілім босап кетті», - дейді Руслан Хасанов.
null null


null null