«Менің атам-майдангер» шығармашылық байқауы мәреге жетті

СТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат - Елордалық «Астана ақшамы» газетінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында өткен «Менің атам-майдангер» шығармашылық байқауы мәреге жетті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналып өткен аталған байқауға елордалық оқушылармен қатар республиканың басқа да аймақтарындағы мектеп оқушыларынан 100-ге жуық шығармалар келіп түскен. Қазылар алқасының талқысынан кейін іріктелген 65 шығарма газет бетінде жарық көрді. Олардың ішінде 10 шығарма үздік деп танылды.

«Менің атам-майдангер» байқауы секілді шаралар жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтін игілікті шараның бірі деп ойлаймыз. Осындай байқауды ұйымдастырған астаналық газетке алғыс айтамыз. Соғыстағы көрген бейнетімізді, ерлігімізді немерелеріміз және шөберелеріміздің білгені біз үшін шынымен де жүрек толқытатын жағдай. Рамет, баршаларыңызға», - деді байқау жүлдегерлерін құттықтау кезінде қарт майдангер Көшкентай Рақышев.

«Менің атам-майдангер» м Сонымен, бірінші орынды Астанадағы академик Ә. Марғұлан атындағы №40 мектептің 11 сынып оқушысы Нұрбек Бөрінемересі жеңіп алды. Екінші орынға елордалық оқушылар Әнел Ахматуллина мен Қазбек Мұхарбек ие болды. Ал үшінші орынды үш оқушы иеленді. Байқау жеңімпаздарын Ұлы Отан соғысының ардагерлері, яғни Сталинград шайқасының қаһарманы Көшкентай Рақышев пен Украина майданының жауынгері Сейілбек Усин, Астана қаласы білім басқармасының бастығы Әсима Бимендина, сондай-ақ Жауынгер-интернационалист Қ. Абдрахманов атындағы спорттық-патриоттық қордың атқарушы директоры Сансызбай Жұманбаев салтанатты түрде дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырды.

Атап айтқанда, «Менің-атам майдангер» байқауына келіп түскен үздік шығармалар жеке кітап болып шықты. Қатысушылардың баршасына кәдесый ретінде тарту етілген бұл кітапты Астанадағы «Зерде» тілдерді дамыту жөніндегі инновациялық орталық басып шығарды.

Соңғы жаңалықтар