Менің балаларым мектептегі тәртіпке шағым айтып көрген жоқ – Алтай Көлгінов

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Пермьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов өз балаларының мектепте ешқандай қысым сезінбейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Менің балаларым мектептегі тәртіпке шағым айтып көрген жоқ – Алтай Көлгінов

«Петропавлыдағы жағдайдан кейін мектептегі балаларыңыздың қауіпсіздігі үшін алаңдамайсыз ба? Олар мектепте өздерін біреулердің ренжітіп жүргенін айтып шағымданған жоқ па?», - деп сұрады БАҚ өкілі вице-премьерден.

Оның айтуынша, мектептегі қауіпсіздік мәселесі әр қазақстандықты алаңдатуы керек.

«Жоқ, мен балаларымнан ондай шағым алған жоқпын. Мен бәріміз күн сайын бала тәрбиесімен айналысып, мектептегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек деп ойлаймын», - деді Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ, ол қазір бірнеше министрлік пен жергілікті әкімдіктер мектептердегі қауіпсіздік деңгейіне тексеру жүргізіп бастағанын айтты.