«Менің ерекше құрбым - Мой необычный сверстник» балалар шығармалары жинағының тұсаукесері өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы С.Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасында сағат 15.00-де республикалық балалар байқауының қорытындысы бойынша жарық көрген «Менің ерекше құрбым - Мой необычный сверстник» атты жинақтың тұсаукесері өтеді.

«Менің ерекше құрбым - Мой необычный сверстник» балалар шығармалары жинағының тұсаукесері өтеді

Байқаудың негізгі мақсаты - бүгінгі таңда көбіне-көп қоғам назарынан тыс қалып өмір сүріп жатқан мүмкіндігі шектеулі балаларға көңіл бөлу. Еліміздің он облысынан келіп түскен қазақ және орыс тілдеріндегі екі жүзге жуық шығармалардың ішінде көңілі жарымжан балалардың да шығармаларының болғанын ерекше атап өткен жөн.

Байқауға қалалық және ауылдық мектептердің оқушылары және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері қатысты.

Тұсаукесер рәсімі ЮНЕСКО жариялаған «Құқық теңдігі - мүмкіндік теңдігі» үндеуіне орай өткізіледі, деп жазады altyn-orda.kz.