«Менің Қазақстаным!» пойызы Астанаға оралды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы құрметіне жолға шыққан «Менің Қазақстаным!» үгіт-насихат пойызы елордаға оралды.

«Менің Қазақстаным!» пойызы Астанаға оралды (ФОТО)

«Менің Қазақстаным» пойызы 23 наурыз күні Астанадан шығып, еліміздің солтүстігінен бастап, батысы, оңтүстігі, шығысын түгел аралап, 12 мың шақырым жолды жүріп өтті. 30 күнде ол 27 елді мекенде болып қайтты.

Пойыз делегаттарының арқасында біздің отандастарымыз Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық стратегиясы туралы жан-жақты ақпарат алып, көбірек білетін болды. Аймақ тұрғындары қаржы және әлеуметтік сала қызметкерлерінен түрлі консультативтік кеңестер алуға мүмкіндік алды.

«Менің Қазақстаным» пойызының 12 мың шақырымдық сапары осымен аяқталды. 30 күннің ішінде біз 27 елді мекенге сапар жасадық. Халыққа түрлі көмектер көрсетілді, сонымен қатар олар сапалы дәрігерлік тексеруден өтіп, сырқаттарына ем алды. Қазақстандық эстрада жұлдыздары концерттік бағдарламаларын ұсынды. Қайда болсақ та, халық бізді жылы қарсы алып жатты, ең бастысы - олардың лебіздері», - дейді «Менің Қазақстаным» пойызының жетекшісі Руслан Борбасов.

Айта кетейік, пойыз сапарына 180 адамдай қатысты. Олардың ішінде ҚР Парламенті депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, «Нұр Отан» партиясының өкілдері және танымал қазақстандық әншілер, жоғары білікті дәрігерлер мен заңгерлер болды.