Менің курстастарымның арасынан 1 Президент, 4 академик, 3 ғылым докторы шықты - Замандун Имамдунов

Оны ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың аталмыш оқу орнындағы курстасы Замандун Имамдунов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.
«Нұрсұлтан Әбішұлы сол кездің өзінде-ақ жүріс-тұрысы, салмақты да салиқалы мінезі және білімге деген ерекше алғырлығымен көзге түсіп жүрді. Жалпы қазақ жігіттері спортқа жақын болатын. Олар бокс пен күрес түрлерімен көбірек айналысатын. Болашақ металлургтер техникалық училищеде жүрген кезде де қолы қалт етсе спорт залға жиі баратын. Біз Нұрсұлтанмен бірге күрес залында бірге жаттықтық. Тіпті түрлі деңгейдегі спорттық жарыстарға да бірге баратынбыз. Училищені бітіріп, Теміртауға келсек, зауыт дайын емес екен. Украинаға қайта оралып, 1 жыл жұмыс жасап қайта келсем, зауыт әлі бітпепті, содан кейін басқа салаға ауысып кеттім», дейді қазіргі таңда құрметті еңбек демалысында жүрген Замандун Имамдунұлы. Ол қазір өзін ұйғырлардың ішіндегі рухани ең бай және бақытты адам санайды. Өйткені курстастарының арасынан ҚР Президенті мен ҚР ҰҒА 4 академигі, 3 ғылым докторы және Қазақстанның бірнеше еңбек сіңірген металлургтері шығып отыр.