«Менің Отаным - Қазақстан» кітабында Елбасы Отанды сүю туралы жазған - Э.Суханбердиева

АСТАНА.ҚазАқпарат - Елбасы Н.Назарбаев кітапқа туған жеріміздің тамаша табиғатын, Отанды сүю деген перзенттік парыз туралы ең таңдамалы ойларын жазған. Бұл туралы бүгін №81 мектеп-гимназияның ашылуында журналистерге пікір білдірген Астана қалалық Астана қалалық бiлiм басқармасының жетекшiсi Эльмира Суханбердиева айтып берді.
None
None

«Биыл Қазақстан бойынша 1-сынып оқушылары Президенттің өзінен үлкен сый алды. «Менің Отаным - Қазақстан» кітабы - бұл Мемлекет басшысының бүлдіршіндерге жасаған тамаша сыйы. «Менің Отаным - Қазақстан» кітабы қосымша әдебиет. Әрине, Қазақстанның бүкіл қазба байлығы мен тарихын бір кітапқа сыйдыру мүмкін емес. Сондықтан, Елбасы өзі таңдап кітапқа туған жеріміздің тамаша табиғатын, Отанды сүю деген перзенттік парыз туралы ең таңдамалы ойларын жазған. Енді бұл кітап жыл сайын таратылып отырады»,- дейді Э.Суханбердиева Айта кетейік, бүгін Астана қаласы бойынша қатарынан үш жаңа мектеп ашылды. Ал, жыл соңына дейін елорда оқушылары үшін тағы екі мектеп ашылмақ. «Қала бойынша бүгін үш жаңа мектеп аштық. Бір мектеп таза қазақ тілінде сабақ береді, екінші мектеп аралас мектеп және бүгін Білім министрі келіп ашқан мектеп - ана тіліміз бен ағылшын тілінде сабақ береді. Жалпы, 2015 жылдың аяғына дейін елордада тағы екі мектеп ашылады. Қала басшылығы көші-қон легі мен бала туу көрсеткішін есепке ала отырып, шаһардың қай ауданында қанша мектеп салу керектігін жоспарлап отырады»,-деп түсіндірді ол.

Соңғы жаңалықтар