Мэнни Пакьяо: Флойд Мэйуэзер мені жекпе-жекке шақырып, өзіне «ор қазды»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні жартылай орташа салмақта WBC және WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы Мэйуэзер WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Пакьяомен 2 мамырда кездесуге ниетті екенін айтты, деп жазады шетелдік БАҚ.
None
None

"Мэйуэзер мені жекпе-жекке шақырып, өзіне «ор қазды». Менімен кездесуден басқа амалы қалмады. Мен жекпе-жекті қызықты өткізуге тырысамын. Бірақ ол кездесуді қызықты өткізуге атсалысады деп ойламаймын. Оның қалай жұдырықтасатынын білесіздер, іш пыстырарлық көрініс. Осыған дейінгі кездесулерінде ұйықтап қала жаздағанбыз", - деді Пакьяо.

Мэйуэзер кәсіби рингте барлық 47 кездесуінде жеңіске жетті. Пакьяо 64 жекпе-жекте 57 рет жеңді, бес рет жеңілді және екі рет қарсыласымен тең түсті.

Соңғы жаңалықтар