Мэнни Пакиао: «Олимпиадада өз елімнің атынан шықсам керемет болар еді»

АСТАНА. ҚазАқпарат - 37 жастағы филиппиндік Мэнни Пакиао егер тайу уақытта 2016 жылғы Олимпиадаға кәсіби ойыншыларды қатыстыру туралы шешім қабылданса, өз елі үшін рингке шыққысы келетінін айтты.

Мэнни Пакиао: «Олимпиадада өз елімнің атынан шықсам керемет болар еді»

Бұған дейін оның промоутері Боб Арум Пакиаоның Олимпиадаға қатыса алмайтынын мәлімдеген еді.

«Олимпиадада Филиппин елінің атынан шығу мен үшін құрмет болатын еді. Мені жарысқа қатысуға Халықаралық әуесқой бокс федерациясының президентінің өзі шақырған. Неге бармасқа? Мен елім үшін тағы бір пайдалы іс жасағым келеді», - деген әлемге танымал кәсіби боксшының сөзін келтіреді sport-express.ru.