Мэрайя Кэри өзінің $250 мыңдық той көйлегін клиптің түсірілімінде өртеп жіберді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық әнші Мэрайя Кэри I Don't атты жаңа әніне түсірілген клипін ұсынды. Бұл ән оның бұрынғы сәтсіз махаббаты- Джеймс Пэкерге арналады.
Видеоның түсірілімінде Мэрайя $250 мыңға сатып алынған той көйлегін өртеп жіберген.
TMZ хабарлағандай, 46 жастағы жұлдыз Valentino сән үйінен алған эксклюзивті көйлегін өртеді.
Мэрайя клипті жігітімен бірге тұрған үйінде түсірген. Әнші өлеңнің сөзінде жігітінің алдағанын және қулық жасағанын айтып, кінә таққан.
Кэри мен австралиялық миллиардер Джеймс Пэкер атастыру рәсімін 2016 жылдың қазан айында Грекиядағы демалыс кезінде орын алған жанжалдан кейін тоқтатқан.