Mercedes әлемдегі ең қымбат автокөлік шығармақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - S-класындағы Pullman жаңа Mercedes автокөлігінің бағасы Rolls-Royce автокөліктерінің құнынан асып түсіп, 1 млн долларға жуықтайды. Олай болса, ол әлемдегі ең қымбат автокөлік атанбақ, деп хабарлады rbc.ru.

Mercedes әлемдегі ең қымбат автокөлік шығармақ

Автокөліктің комплектациясы мен техникалық көрсеткіштері туралы әзірге ақпарат аз. Компаниядағылар оның үш қатар орындығы болатынын, және ол нарыққа 2015 жылы шығарылатынын ғана айтты. «Біз әлемдегі ең үздік автокөлікті шығармақшымыз», - деп атап өтті компания өкілі Диетр Зетхе. Оның сөзіне қарағанда, осы көліктің 12 нұсқасы шығарылады. Ал олардың комплектациясы мен дизайны әралуан болмақ.