Mercedes-Benz компаниясы АҚШ-та сатылған 150 мың көлікті кері қайтаратын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның «Mercedes-Benz» автоконцерні сенбіде көліктен өрт шығуы мүмкін деген себеппен 150 мың автомобильді кері қайтаратынын мәлімдеді, деп хабарлады ТАСС.

Mercedes-Benz компаниясы АҚШ-та сатылған 150 мың көлікті кері қайтаратын болды

Қайтаруға 2013-2015 жылғы үлгідегі Е350 седан үлгісіндегі көліктер қайтарылады. Автоконцерн өкілінің хабарлауынша, сырттағы шуды азайтуға резеңке тығындары қозғалтқыштың қызған бөлігіне түсіп кетуі мүмкін. Сол жағынан кемшілік кеткенін атап өтті.

Сондай-ақ, концерн әзрге бұл ақауға байланысты қандай да бір апат орын алмағанын хабарлады. Олар көлік иелеріне тегін жөндеп беруге уәде берді.