Мердігерлер жол сапасына қанша жыл кепілдік беруге ниетті – Көлік министрлігі жауабы
АСТАНА. KAZINFORM – Көлік министрлігі мердігерлер жол сапасына қанша жыл кепілдік беруге ниетті екендігін мәлімдеді.
«Қазіргі таңда орташа жөндеу жұмыстары тас жолдың беткі қабатын ауыстыру немесе қайта жабу болса, күрделі жөндеу – тас жолдың негізімен, яғни астыңғы қабатымен бірге ауыстыру жұмыстары. Жол төсемдері мен жабындарды жөндеу арасындағы қызмет мерзімі қолданыстағы нормативтик-техникалық құжаттарға сәйкес анықталады. Осылайша, бүгінгі күні орташа жөндеу бойынша жөндеу арасындағы қызмет мерзімі салынған жабын қабатына байланысты 2 жылдан 6 жылға дейін және күрделі жөндеу үшін 6 жылдан 18 жылға дейін өзгереді», - деп атап өтеді министрлік агенттіктің сауалына берген жауабында.
Ведомствоның атап өтуінше, мердігер жол құрылысын аяқтап, тапсырыс беруші жұмыстарды қабылдағаннан соң, тапсырыс беруші мен мердігердің арасында жасалған келісім шартқа байланысты кемінде 2 жыл кепілдік мерзімі тағайындалады. Кепіл мерзімінде мердігер анықталған ақауларды жою бойынша жұмыстарды кешіктірсе, тапсырыс беруші сотқа шағым түсіреді. Бұған қоса, кепілдік мерзімі аяқталуға жақын уақытта кемшіліктер мен ақаулар анықталса, тапсырыс беруші кепілдік мерзімін тағы да 2 жыл мерзімге ұзартуға құқылы.
«Қазіргі таңда жол құрылысын салуға арналған жобалық-сметалық құжаттаманың дұрыс жасалуына қарай мердігерлер кемінде 3 жыл уақыт мерзіміне кепіл беруге ниетті»,- деп нақтылайды министрліктен.