Мереке кезінде 2,5 мыңнан астам қылқан жапырақты ағаш тәркіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда құқық бұзушылардан 2,5 мыңнан астам қылқан жапырақты ағаш тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мереке кезінде 2,5 мыңнан астам қылқан жапырақты ағаш тәркіленді

15-31 желтоқсан аралығында елімізде «Шырша» жедел алдын алу шарасы өтті. Оның мақсаты – жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу, дайындау және өткізу орындарын анықтау және жолын кесу.

ІІМ-нің мәліметінше, базарларда және басқа жерлерде 588 мобильді топ құрылды, оның ішінде табиғатты қорғау органдарымен бірлескен 321 топ бар. Сондай-ақ 1837 рейд жүргізілді.

«Шара басталғаннан бері барлығы 506 адам әкімшілік жауапкершілікке және 18 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылардан 2,5 мыңнан астам қылқан жапырақты ағаш тәркіленді. Жарты млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде 400 мың теңгесі өндірілді», - деп жазды ақпарат көзі.

Полицейлер атап өткендей, құқық бұзушылар көбінесе шыршалар мен қарағайларды заңсыз кескені үшін, сондай-ақ оларды белгіленбеген жерлерде өсіргені және жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды.


Фото: polisia.kz