Мереке Көшекбаев - «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қорғаныс ведомствосында Мемлекет басшысының жарлығымен бірқатар кадрлық өзгеріс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Мереке Көшекбаев - «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы

Мереке Мәтімұлы Көшекбаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды;

Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Қайдар Сәмиғоллаұлы Қарақұлов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.