Мереке күні ел аумағында жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет РМК ел аумағында 7 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

шаңды дауыл
Фото: Kazinform

Дерекке қарағанда, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 

- Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Басқа аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, батысында тұман түседі, - делінген болжамда.

Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Алматы облысының солтүстігі мен орталығында, Атырау облысының оңтүстік-батысында, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Қарағанды облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында, Ұлытау облысының шығысы, оңтүстігі мен орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігі, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігі, шығысы, оңтүстігі мен орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігінде, Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде, Жетісу облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Абай облысының солтүстік-батысы, оңтүстігі мен орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында, Қызылорда облысының орталығында, Жамбыл облысының батысында төтенше өрт қаупі бар.

Еске сала кетейік, синоптиктердің болжамы бойынша, мамыр айының басында жел күшейіп, қар аралас жаңбыр жауады.

Соңғы жаңалықтар