Мереке күндері Астана мен Павлодар арасында қосымша электр пойыздары жолға шығады

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Наурыз мейрамында жолаушылар ағынының көбейе түсетінін ескере отырып, «Қазақстан темір жолы» АҚ 20 наурыздан қосымша электр пойыздары мен вагондарын жолға шығарады. Қосымша рейстерге билет қазірден сатылып жатыр.

пойыз
Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Бұл туралы ұлттық темір жол компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Наурыз мерекесіне орай «Павлодар-Астана-Павлодар» бағытында қосымша электр пойыздары жұмылдырылады.

Электр пойыздары кестемен жүреді: «24 наурызда «Павлодар-Астана № 7509 электр пойызы бір бағытта» 21 және 22 наурыз күндері «Астана-Павлодар» бағытында № 7510 электр пойызы», - делінген ақпаратта.

Бұған қоса 20-25 наурыз күндері аралығында «Павлодар-Түркістан», 21-25 күндері аралығында «Павлодар-Пресногорьковская» бағыттарындағы пойыздарға қосымша вагондар тіркеледі.

Соңғы жаңалықтар