Мереке күндері жедел жәрдем бригадалары 23 мыңнан астам шақыртуға қызмет көрсетті

АСТАНА. KAZINFORM – Мереке күні жедел жәрдем бригадалары барлық өңірлерде 23 мыңнан астам жедел жәрдем шақыртуларына қызмет көрсетті.

Жедел жәрдем
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, науқастарға барудың басым бөлігі Алматы қаласында, Түркістан, Алматы облыстарында және республиканың астанасында тіркелді.

Төтенше жағдайлар құрылымында аурулардан басқа, үйде босану, жол-көлік оқиғалары, өрт, улану және көп қабатты үйлерден құлау кезінде алғашқы көмек көрсетілді.

Ұлттық шұғыл медицина орталығының санитариялық авиациясы күштерімен Семей-Үржар бағыты бойынша құрамында реаниматолог пен фельдшер, ал Шымкенттен Шардараға құрамында комбустиолог пен реаниматолог бар 2 ұшу жүзеге асырылды.

Барлық науқастарға облыстық стационарларда білікті медициналық көмек көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар