Мереке күндері Астанада 1 мыңнан астам жол ережесін бұзу деректері тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мереке күндері Астанада жолда жүру ережесінің бұзуға қатысты 1 мыңнан астам дерек тіркелді, деп хабарлады елордалық ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

«Апаттардың алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін бақылау барысында полицейлер жолда жүру ережесінің бұзылуының 1 мыңнан астам деректі анықтады. Оның ішінде жол-көлік оқиғасының тууына себепші болатын жылдамдықты асыру, қауіпсіздік белбеуін тақпау, қарсы жолаққа шығу, мас күйде көлік жүргізу сияқты ереже бұзушылықтар бар»,- делінген хабарламада.

Өткен мереке күндері Астана қалалық ІІД қызметкерлері 600-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, жолын кесті. Оның ішінде тыныштық тәртібін бұзу, ішімдік ішіп мас күйде жүру, қаланы абаттандыру ережелерін бұзу, белгіленбеген жерде сауда жасау, темекі шегу, қоғамдық орындарда жұрттың мазасын алу сынды заңбұзушылықтар бар.

1 қаңтардан 5 қаңтарға дейін қала аумағында барлығы 300-ден астам қылмыс пен заңбұзушылық тіркелді. Олардың 50 пайызы ізі суымастан ашылған.

Соңғы жаңалықтар