Мереке күндері Астанада 20 мас жүргізуші ұсталды - Жол полициясы басқармасы
АСТАНА. 7 шілде. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Елордалық жол полицейлері мереке күндері 20 мас жүргізушіні ұстады,
деп хабарлады Астана ІІД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен.
«Жол полицейлері 4-6 шілде аралығында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 952 фактін анықтады, оның ішінде 20 жүргізуші рульге мас болып отырғаны үшін ұсталса, жылдамдықты асырған 119 жүргізушінің үстінен әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген ресми хабарламада.
Мереке күндері жол полицейлері күшейтілген режимде жұмыс істеді.
«Мерекелік шаралар кезінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Астана Жол полициясы басқармасының 450 шақты қызметкері жұмылдырылды», - делінген хабарламада.